«Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

  • Балаларды қолдау орталығындағы бос лауазымдар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;
  • Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

  • Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинап, төменде көрсетілген мекен-жайда орналасқан мектептің қабылдау бөліміне тапсыруға болады.

Мекеме: «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы»КММ

Мекен-жай: Қарағанды қаласы, Пришахтинск, Әлихан Бөкейхан ықшамауданы, Шаханская 12 көшесі.

Байланыс номері: 8(7212) 53-89-96

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа құжаттар қабылдау мерзімі:
12.04-20.04.2023 жыл
Конкурстық комиссияның отырысы:
21.04.2023 жыл
Уақыты: 10:00

Бос тәрбиеші лауазымына конкурс

Педагог қызметіне «enbek.kz» сайтына жарияланған бос орындар

Мекеме атауы

Бос лауазым атауы

Сағат

Жүктеме

Оқыту тілі

Тұрақты орын/ Уақытша орын

Жалақысы

1

«Таңшолпан»ӨҚЖБҚО

Тәрбиеші

1,4 сағат

Қазақша,

орысша

4 тұрақты орын

120000-180000

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

  • балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды, отбасы жағдайларына жақындатылған қажетті тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болады, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін анықтау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың барабар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультациялық көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациямен өзара іс-қимыл жасайды;
  • тәрбиеші тәрбиеленушіердің өмірі мен денсаулығына тікелей жауап береді;
  • балалардың адамгершілік-рухани дамуын, зияткерлік қабілеттерін, дене денсаулығын дамытуды қамтамасыз етеді;
  • бес жастағы балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз етеді;
  • тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке айқындайды;
  • тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді;
  • балалардың оқу орнына баруын, тәрбиеленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуды, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
  • талдау жүргізеді, қажеттілікті айқындайды және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қорғау ережелерінің, санитариялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады;
  • оларға оқуда, бос уақытты ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді;
  • сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді;
  • тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шараларды өткізеді, балалардың ұйымда болған уақытында олардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапты болады;
  • топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, оқу жабдығының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалайды және айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
  • белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды және тапсыруды қамтамасыз етеді;
  • тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді
  • Білуге тиіс:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" заңдар және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
  • педагогика және психология негіздері, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
  • менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек заңнамасы негіздері;
  • педагогикалық этиканың нормалары;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  • және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде тәрбиеші ана лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
  • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәрбиеші-ана лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Жауапкершілігі

  • осы нұсқаулықта қарастырылған өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес;
  • материалдық зиян келтіргені үшін – қолданыстағы ҚР заңнамаларына сәйкес.
  • Өз қызметін жүзеге асыру кезінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін- ҚР-ның қолданыстағы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамасына сәйкес;
  • Балалар үйінде білгіленген ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін, жұмыс берушіге материалдық зиян келтіргені үшін –ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көтереді.

  Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      жеке тұлғаға бағытталған тәрбие мен оқыту технологияларын қолдануға;

      әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына қатысуға;

      өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға тиіс;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің жасын және оларға сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін, диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;

      шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге тиіс;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін, диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;

      білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жасын және оларға сараланған тәсілді ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;

      шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге;

      өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға тиіс;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін; диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;

      білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жасын және оларға сараланған тәсілді ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;

      шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге;

      өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.

 

 

Сұрақ қою